Ұзақ жылдар жөндеу көрмеген Күйік асуындағы жол қайта жаңғырды. 12 шақырымға 7 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Республикалық маңызы бар асу «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің маңызды бөлігі. Бұл жол арқылы Ресей, Қытай және Қырғыз елдері бағытында жүк көліктері қатынайды.
Жолдың тарлығы мен сапасының төмендігі бұған дейін тұрғындар мен көлік жүргізушілері тарапынан көп сынға ұшыраған болатын. Халықаралық трассаны жаңғыртуға қазынадан 6,9 миллиард теңге бөлінген. Шатқалдағы 12 шақырымдық жол 1970 жылдары салынған. Енді күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілді.