Үндістанан арнайы келген дәрігерлер қайрымдылық форумын өткізді. Кездесу барысында қатысушылар онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, сондай-ақ трансплантология саласын дамыту перспективаларын талқылады. Форум кәсіби диалог орнатуға, ынтымақтастықты нығайтуға және озық медициналық технологияларды енгізуге арналған маңызды алаңға айналды.

Іс-шара №2 қалалық емхана қабырғасында өтті. Форум аясында қатысушылар онкология мен трансплантология саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар заманауи емдеу тәсілдері мен ауруларды анықтаудың жаңа әдістері сөз болды.