Меркі ауданында «Өнерлі ұрпақ – ел болашағы» атты кеш өтті. Бір жыл бойы өнер үйренген жас таланттар сахнада ән айтып, күй шертіп, би билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Тағылымды кешке аудан тұрғындары, ата-аналар мен ауыл ақсақалдары қатысып, жас өнерпаздардың өнеріне жоғары баға берді. Шара барысында Меркі ауданы әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, ұлттық өнерді дәріптеп жүрген ұстаздарға алғыс білдірді.