Таразда татар және башқұрт халықтарының ұлттық мерекесі-Сабантой мерекесі ұйымдастырылды. Бұл жолғы іс- шараның ауқымы кең, еліміздің әр өңірімен қатар Татарстаннан да қонақтар келді. Дәстүр мен достықты дәріптеген думанды шараға жиылғандар би билеп, өзіндік салт-дәстүрлерін де көрсетті.

Сабантой-ежелден келе жатқан еңбек пен бірліктің мерекесі. Биылғы шарада татар ұлтының ұлттық тағамдары пісіріліп,қолөнер көрмесі көпшілікке ұсынылды. Сонымен қатар түрлі ойындар ойнатылып, тұрғындарға көтерінкі көңіл-күй сыйланды.