Облыс полицейлері көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау деректерін анықтау бойынша рейдтік шараларды күшейтті. Тексеру барысында жүргізушілердің көліктерге қосымша жанармай бактарын рұқсатсыз орнатып, техникалық талаптарды өрескел бұзғаны белгілі болды.
Мамандардың айтуынша, мұндай өзгерістер жолдағы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіріп, апатты жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін. Соңғы екі апта ішінде заң талаптарын бұзған 22 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың көліктері айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ көліктерді заңсыз қайта жабдықтаумен айналысқан техникалық қызмет көрсету орталықтарының иелеріне де шара қолданылған. Тәртіп сақшылары кез келген техникалық өзгеріс міндетті түрде заң аясында рәсімделуі тиіс екенін ескертіп, мұндай бақылау жұмыстары өңірде тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.