Таразда түрлі байқау мен жарыстардың жеңімпаздарына арналған «Дарын FEST» марапаттау рәсімі өтті. Жыл бойы білім, өнер және түрлі пәндік байқауларда жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар мен шығармашыл ұстаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Жобаның негізгі мақсаты – жеңімпаздарды марапаттау арқылы оқушыларды ынталандыру және жаңа жетістіктерге жігерлендіру. Жоба арқылы оқушылары жетістіктерін насихаттап, имиджін қалыптастырып, ата-аналар мен қоғам үшін дарынды оқушыларды қолдау.