Тараз қаласында жастарға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйретуге арналған семинар-тренинг өтті. «Qauipsiz Qadam» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға жас волонтерлер белсенді қатысты.

Семинарды Қазақстанның Қызыл ай қоғамының мамандары өткізді. Олар студенттерге төтенше жағдай кезіндеалғашқы көмек көрсетуді тәжірибие жүзінде көрсетті. Арнайы макеттер арқылы еріктілер қан кетуді тоқтату, жүрек-өкпе реанимациясын жасауды өз көздерімен көріп меңгерді. Айта кету керек бұл жоба ҚР Президентінің «Тәуелсіз ұрпақтары» гранты аясында жүзеге асырылуда.