Енді ғылымға бет бұрған жамбылдық жастар жасанды интеллект пен химия саласын тәжірибе жүзінде меңгермек. Себебі бүгін облыс орталығында 2 заманауи зертхана ашылды. Ауқымды жобаның салтанатты рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, лентасын қиды.
Салтанатты рәсімнен кейін жаңа зертханалардың есігі айқара ашылып, қонақтарға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда студенттер жасанды интеллектке негізделген тың жобаларды тамашалап, химиялық зерттеу құралдарының мүмкіндіктерімен танысты. Енді бұл орталықтарда жастар өз идеяларын дамытып, заманауи технологияларды тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік алды. Жиында облыс әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевтың техникалық және цифрлық саланы дамыту жөніндегі тапсырмасына тоқталды. Содан кейін, Kids Go Technology компаниясының директоры Лу Ди жобаның жастар үшін маңызын айтты.