Ұлттық Бірыңғай тестілеуден 140 тан 140 жинаған Жамбылдық ару бар. Қарапайым ауыл қызы бүгінде ел назарын өзіне аудартты. Тұрар Рысқұлов ауданынан шыққан қарапайым ауыл қызының жетістігі бүгінде әлеуметтік желінің басты тақырыптарының біріне айналды. Назерке Сәрсенбай халықаралық IELTS және SAT емтихандарын да тапсырған талапкер. Ол IELTS-қа курспен дайындалып, кейін SAT және ҰБТ емтихандарына дайындықты өз бетінше жалғастырған. ҰБТ-да ол Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы пәндерін таңдаған. Бұл пәндер бойынша шамамен төрт ай арнайы курсқа қатысып дайындалыпты.