Қазір запастағы офицерлер қайта оқу курсынан өтіп білімдерін шындап, аяқтады. Осыған орай, Тараз қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен Гарнизондық офицерлер үйінде салтанатты жиын өтті.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскеріне жалпы саны 109 запастағы әскер шақырылған.Бір ай бойы олар полигонда тәжірибе жүзінде «Айбын» атты базалық тактикалық курстан өтті. Яғни, атыс, техникалық дайындық, әскери техниканы жүргізу, барлау сияқты дағдыларды қайта меңгерді.