Таразда белгілі композитор Ербол Спаналиевтің шығармашылық ән кеші өтті. Кеште сазгердің туындыларын елімізге танымал эстарда жұлдыздары орындап, жамбылдықтарға тамаша атмосфера сыйлады.

Ербол Спаналиев Меркі жерінен түлеп ұшқан талант иесі.Оның әндері лирикаға толы, халық ішінде кеңінен танымал.Бұл кеште сазгердің әндерінің тарихы қысқаша айтылып, мәнін арттыра түсті.Шығармалары тек әдемі әуен ғана емес, әрқайсысы көрерменнің жүрегінен орын тапқан.