18 мамыр - халықаралық музей күні. Осыған орай кеше Таразда «Музей түні» өтті. Іс-шара Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Дәстүрлі мерекеде тарихи қойылымдар қойылып, көрме көпшілік назарына ұсынылып, сала мамандары марапатталды.

Биыл ұйымдастырылған «Музей түні - 2026» акциясы ретро стильде өткізілді. Мерейтой аясында келушілерге өткен ғасырлар мен қазіргі заманның мәдени атмосферасын үйлестіретін бірегей бағдарлама ұсынылды.Келушілерге арнап көне дәуірлерден сыр шертетін және тарихи тұлғалар бейнесін жандандыратын театрланған қойылымдар қойылды.