Таразда тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттануын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» атты арнайы іс-шара өтті. Кездесу барысында азаматтарға кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қызметтер, бизнеске арналған гранттар мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы кеңінен түсіндірілді.

«Қызмет алушылар күні» жобасы халықтың құқықтық сауатын арттырып, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталған. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттануын арттыру және олардың құқықтарын түсіндіру.