Қару ұстаған қол бұл жолы нотаны сөйлетті. Таразда әскери окестрдың ерекше кеші өтті. Сегіз қырлы, бір сырлы дирижерлар бір алаңда бас қосып, кәсіби тәжірибе мен тың идеяларды ортаға салды. Жасанды интеллект көмегімен өңделген шығармалар оркестр сүйемелімен алғаш рет орындалды. Ерекше форматтағы концерт көрерменді таңғалдырмай қоймады.

Республикалық деңгейдегі оқу –жаттығу 5 күнге жалғасады. 17өңірден келген 20 әскери дирижер өнерлерін Жамбылдықтықтарға паш етіп, тәжірибе жинауда. Сондай-ақ, 21 жылын әскери дирежерлыққа арнаған оркестр орталығының бастығы Олжас Серікұлы Таразда алғаш рет жаңа форматта ұйымдастырылған іс-шараның ерекшелігін атап өтті.