Еліміздегі қылмыстық-атқару мекемелерінде азаптау дерегі бір жыл ішінде 2,5 есе азайған. Мәселен 2024 жылы 289 құқық бұзушылық тілкелсе, былтыр 113-ке дейін төмендеген. Бұл туралы Таразда өткен адам құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған көшпелі отырыста айтылды.

Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген көшпелі отырысында азаптауға қатысты заңнаманың қатаңдағаны айтылды. Мұндай қылмыс жасағандар оқиғаның қашан болғанына қарамастан жауапқа тартылады. Сонымен қатар оларға амнистия, шартты жаза немесе мерзімінен бұрын босату қолданылмайды. Тіпті тараптар татуласқан жағдайда да іс тоқтатылмайды. Нәтижесінде 2023-2024 жылдары азаптау дерегі бойынша 84 адам сотталды. 2024 жылы 289 дерек тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш 2,5 есеге азайған. Соның негізінде 19 адам сотталды.