Қоғамда ажырасу көрсеткіші көбейіп барады. Некеге тұрғандардың жартысына жуығы айрылысып жатыр, деп, аға буын алаңдаулы. Мәселенің мәні - Жамбыл облыстық соты мен аймақ әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған басқосуда талқыланды.

Ажырасу туралы алысқа ұзамай-ақ, биылғы 4 айдағы көрсеткішке көз жүгіртсек, 1453 неке қиылған, 840 неке бұзылған. Пайыздық көрсеткіш 57,8! Яғни, отау құрған отбасылардан айрылысқандар көп.