Мойынқұмда өнер және қосымша білім беру шығармашылық орталығының бір жылдық есеп беру концерті өтті. Кеш барысында орталық тәрбиеленушілері жыл бойы түрлі байқаулар мен фестивальдерде орындаған үздік өнерлерін көрермен назарына ұсынды.

Ән мен күй, би мен сахналық қойылымдар көрермен көңілінен шығып, кештің шырайын аша түсті. Концерт аясында оқушылар қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған әсерлі композициялық қойылым ұсынып, ақын өлеңдерін сахналық көрініспен үйлестіре білді.