Жамбылда алғаш рет республикалық «Жас сақшы» форумы өтті. Жас сарбаздардың алғашқы ашық алаңына еліміздің 19 облысынан «Жас сақшы» сыныптары қатысты. Сондай ақ форумда кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға 15 жаңа автокөліктің кілті табысталды. Ауқымды жиында аталған сыныптардың қызметі, құқықтық және патриоттық бағытта атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылды.

Сахна төрінде мектеп оқушылары буллингтің алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау және жол қозғалысы ережелерін сақтау тақырыптарында арнайы қойылымдар мен сахналық көріністер ұсынды.