Тірліктің көзін тапқандар, жаппай кәсіпкерліке көшіп жатыр. Бірі жеңіл өнеркәсіпті дамытса, енді бірі басқа кәсіпті қолға алған. Үкіметтен де қолдау бар. Қазіргі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске асуда. Осы бағдарлама аясында Шу қаласында 30 дан астам кәсіпкер қаржыландырып, өздерінің кәсібін ашып отыр.

Елді-мекендерді өркендетіп, кіші кәсіпкерлікті қолдауға үкімет қолдан келген көмектерін аяп отырған жоқ. Кәсіпкер болуға ынталы жанға қашанда қолдау бар. Шу ауданының тұрғыны Мади Қонысбаев 4 жыл бұрын өз күшімен кәсібін бастаған. Мұнан кейін үкіметтен төмен пайызбен несие алып, кәсібінің ауқымын кеңейтіп отыр.