Қазақстаннан Нью-Иорк, Токио және Еуропаның бірнеше қаласына тікелей рейстер ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында мәлім болды. Авиация саласында шешімін күткен мәселелер де бар. Сонымен қатар саланы цифрландыруға басымдық беріліп отыр.
Қазір Қазақстанда 25 әуежай жұмыс істеп тұр. Президент тапсырмасымен жуырда тағы төртеуі ашылады. 973 әуе кемесі тіркелген. Бірақ бұл аздық етіп тұр деді көлік министрі.