Меркі ауданында балаларды балабақшаға түгел қамту мәселесі түпкілікті шешімін тауып келеді. Оған үкіметпен қатар, жеке компаниялар да өз үлестерін қосуда. Мәселен «Интернациональный» ауылындағы мектеп жасына дейінгі мекемені жергілікті кәсіпкер өз қаражатына салып жатыр.
Екі елді-мекенен тұратын Т. Рысқұлов ауылдық округіне қарасты «Интерноциональный» ауылында балабақша мүлдем болмаған. Бүгінде кезекте тұрған 100-ге тарта баланың тек 25 ғана мектеп жанынан ашылған бөбекжайға қамтылған. Енді міне бұл мәселе түпкілікті шемін таппақшы. Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша бұл жұмысты жергілікті кәсіпкер құрылысшыларды тарта отырып қолға алыпты.