Енді қазақстандықтардың шоты ескертусіз бұғатталмайды. Азаматтарға алдын ала eGov және SMS арқылы хабарлама жіберіледі. Мәжілісте шоттардың бұғатталатыны немесе шетелге шығуға тыйым салынатыны туралы алдын ала міндетті түрде хабар беру тетігі ұсынылды. Қазір көбі мұны тек шоты бұғатталғаннан кейін ғана біліп жатады. Жаңа жүйе пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Атқарушылық жазба рәсімделген сәтте борышкерге автоматты түрде SMS-хабарлама жолданады. Нотариустардың жұмысына қатысты заң жобасында жақын туыстарына қызмет көрсетуді шектейтін норма да бар.