Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындардың тазалығын бақылау күшейтілді. Полицейлер көшелер мен көпшілік орындарды ластаған азаматтарды бейнебақылау камералары арқылы анықтап, тиісті әкімшілік шаралар қабылдауда.

Жыл басынан бері өңірде қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын бұзудың 392 дерегі тіркелген. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, көшеге темекі тұқылын, бос бөтелке мен тұрмыстық қалдықтарды тастау — заң бойынша қоғамдық орынды ластау болып саналады. Осыған байланысты полиция департаменті тұрғындарды айналаны таза ұстауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырып отыр. Мамандардың айтуынша, тазалық сақтау — тек коммуналдық мекемелердің емес, әр азаматтың ортақ міндеті.