20 сәуір мен 20 маусым аралығында елімізде «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Оның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайтып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Осыған орай Шу ауданында арнайы жиын ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдарының өкілдері мен оқушылар қатысты. Кездесуде отбасы қауіпсіздігі, құқықтық түсіндіру жұмыстары және қоғамдағы жауапкершілік мәселелері сөз болды.

Шу қалалық мәдениет үйінде өткен форум «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында болды. Жиын барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Алау» театрлық тобы әлеуметтік қойылым ұсынып, отбасы құндылықтарын насихаттады.