Жамбыл ауданында ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым, профессор Қапаш Тасболатұлының 100 жылдығына арналған «Ұстаз. Ғалым. Тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды шара аясында Аса ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында ғалым есімі берілген арнайы кабинет ашылып, салтанатты түрде лентасы қиылды.

Қапаш тасболатұлының 100 жылдығына арналған жиынға аудан басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, шәкірттері мен аудан тұрғындары қатысты. Қонақтар ғалымның өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін көрмені тамашалап, арнайы дайындалған деректі бейнефильмді көрді.