Таразда мәдениет қайраткері, күйші, сазгер Аман Малдыбаевтың авторлық кеші өтті. Ән мен күй тоғысқан, рух пен тарих үндескен тағылымды өнер кешін Шалқар радиосының жүргізушісі - Гүлмира Нәлібай тізгіндеді. Сазгердің әндерін облыстық филармония әншілері мен эстрада әншісі Досымжан Таңатаров орындады.

Кеш барысында автордың әндері мен күйлері Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның «Ұлт аспаптар» оркестрінің сүйемелдеуімен орындалды.Күйші-сазгердің «Іңкәр сезім» әні барша қазақ жастары зор құлшыныспен орындайтын туындыға айналды. Ал, Аман Малдыбаевтың «Көне Тараз» күйі тарихи қаланың төлқұжаты іспетті.