Кения Қазақстанның тыңайтқыш өнімдеріне қызығушылық танытып отыр.Осы бағытта ортақ кәсіпорын ашып, ауыл шаруашылығы саласын бірлесе дамытуға ниетті. Одан өзге тараптар тау-кен саласында да ынтымақтастықты арттырмақ. Қазақстанға Кенияның 40 тан астам компания өкілі келді. Екі елдің кәсіпкерлері бас қосқан бизнес форумда тағы қандай келісімдерге қол қойылды.
Ең әуелі Қазақстан-Кения іскерлік кеңесін құру қажет. Бұл екі елдің алыс беріс, барыс-келісін арттырады, бизнес мүмкіндіктерін зерттеуге, зерделеуге жол ашады. Осылай деген Президент ең әуелі бірқатар маңызды жобаларға тоқталды.