Меркіде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараға Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек, мәдениет саласының қызметкерлері, ардагерлер мен аудан өнерпаздары қатысты.

Іс-шара барысында мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, сондай-ақ аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталды.