Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында «Қоғаммен байланыс» акциясы өтті. Ауқымды шараға прокуратура қызметкерлері, жер, құрылыс, тұрғын үй салаларына жауапты бөлімдердің өкілдері келіп, сұрақтарға жауап берді. Бұл іс-шара азаматтарға құқықтық көмек көрсету және кеңес беру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Акция барысында келушілерге құқықтық көмек көрсетіліп, әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, білім беру, тұрғын үй, жер қатынастары, салық заңнамасы, қылмыстық және әкімшілік құқық салаларындағы өзекті мәселелер бойынша тегін заң кеңестер берілді. Мұнда өздерін толғандырған сұрақтарға жауап іздегендердің басым бөлігі, жер кезегі мен баспана алу мәселесі бойынша.