Қарапайым халықтың тілектерін мемлекеттік органдар тындап, оның шешілуіне сеп болуы тиіс. Бүгін Жуалы ауданында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында тұрғындармен кездесу өтті. Ашық форматта өткен жиында азаматтардың өтініштері тыңдалып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге сала мамандарымен аудан тұрғындары қатысты.

Бүгінгі жауын-шашынға қарамастан сала қызметкерлерімен кездесуге келген халықтың қарасы қалың. Азаматтар әлеуметтік, жер, тұрғын үй және құқықтық мәселелер бойынша жауаптыларға сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.