Әлем дәрігерлері іздеген шешімді Тараздық мектеп оқушысы табуға бір қадам жақындады. 17 жастағы Арнұр медицинадағы күрделі мәселеге шешім ұсынды. Ол сирек ауруларды 90 пайыз дәлдікпен анықтайтын жүйе ойлап тапқан. Жас ғалымның жобасы АҚШта өткен ғылыми байқауда жоғары бағаланып, жас өнертапқышқа қаржылай сыйақы мен Сауд Арабиясындағы жоғарғы оқу орнының гранты берілді.

Жүйенің жұмыс істеу тәсілі қарапайым: алдымен арнайы құпия кодтар енгізіліп, бірегей алгоритм іске қосылады. Одан кейін медициналық фотосуреттер жүктеліп, экранда анықталған диагноздар тізімі көрсетіледі. Жобаны алдағы уақытта қалалық ауруханалар жұмысына енгізу жоспарлануда. Ал 12 жылдық тәжірибесі бар жетекші үшін - бұл сәтті жүзеге асқан кезекті бастама ғана.