Таразда қазіргі бессайыстан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алу шарасы өтті. 2026 жылдың 10-17 мамыры аралығында Индонезияның Джокьякарта қаласында өткен Азия чемпионатында Жамбыл облысының спортшылары Қазақстан намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті.

Беделді жарысқа Азияның 8 елінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Аталған чемпионатта Жамбыл облысынан 6 спортшы ел намысын қорғап, жоғары жетістіктерге қол жеткізді.