Шуда құлпынай да өсіруге болады. Дәйекке дәлел Манас Мирзаулиннің ауладағы құлпынай алқабы. Құлпынайдан кәсіп бастауға мемлекет қолдауы сеп болыпты.
Манас Мирзаулин бұл кәсіпті ең алғаш ютуб желісінен көріп қызығушылық танытып, осы кәсіппен айналысуға бел буыпты. Мұнан кейін ол Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына барып арнайы мамандардан дәріс алып келген. Енді ауласындағы жерді тиімді пайдаланып, құлпынайдың 3250 түбін отырғызып жемісін күтіп отыр.