Мойынқұмда тұрғындар мен билік өкілдері ашық алаңда жүздесті. Аудан прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған қабылдауда халық көкейіндегі мәселелерін тікелей жауапты мамандарға жеткізіп, құқықтық кеңес алды. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында өткен кездесуге бірнеше мемлекеттік орган өкілдері қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Мойынқұмда өткен ашық қабылдау тұрғындар мен жауапты мекемелер арасындағы еркін диалог алаңына айналды. Басқосуда халықты алаңдатқан жер, жұмыс, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және құжат рәсімдеу мәселелері көтерілді.