Енді жаңадан салынған еңселі ғимараттарда ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасалмаса ол нысан пайдалануға берілмейді. Бұл — соңғы жылдары Қазақстанда күшейген қолжетімді орта талаптарының нақты көрінісі. Пандус, тактильді жолақ, арнайы лифт пен бейімделген кіреберіс бүгінде жай ғана құрылыс бөлшегі емес, қоғамның адамға деген көзқарасын айқындайтын маңызды өлшемге айналды. Алайда талап күшейгенімен, талапқа сай келмейтін тұстар да әлі кездеседі.
Кейбір нысандарда көзге көріну үшін ғана қойылған көлбеу жолдар бар. Сырттай пандус болғанымен, шын мәнінде ол — арбамен арпалысқан адамға мүмкіндіс емес-машақат. Мұндай сәттерде «қолжетімді орта» деген әдемі атаудың ар жағында салғырттық пен сапасыздықтың сұлбасы сезіледі. Бұл мәселе Үкіметте де қаралған еді.