Таразда қазақ руханиятының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек Еңбек Ері, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Келелі жиынға композитордың өзі мен жары, еліміздің әр өңірінен келген ғалымдар мен оқытушылар қатысты.

Ілия Жақанов- қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар нар тұлға. Оның әндері мен әдеби шығармалары бірнеше буынның рухани азығына айналды. Конференция барысында қатысушылар композитордың шығармашылық мұрасы,ұлттық өнер мен мәдениетті дамытудағы еңбегі жайында кеңінен пікір алмасты.