Салтанатты соңғы қоңырау рәсімі аудандарда да барлық мектептерінде сән-салтанатымен атап өтілді.. Мәселен Меркі ауданындағы іс-шара «Білімім - Отаныма» тақырыбына арналса, Қордайда 1 537 оқушы 11 - сыныпты аяқтаған, ал Жуалыда тағылымды кездесу өтті.

№44 мектеп-гимназиясында биылғы оқу жылын жалпы 1111 оқушы аяқтап отыр. Мектептің білім сапасы 74 пайызды құраған. Сонымен қатар биыл білім ордасынан 66 түлек қанат қаққалы отыр. Мерекелік шара барысында түлектер сән-салтанатпен ортаға шығып, мектеппен қоштасу сәттерін әсерлі әндермен өрнектеді. Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылын Меркі ауданы бойынша жалпы 16 695 оқушы аяқтап отыр. Оның ішінде 49 оқушы — «алтын белгіге», ал 87 оқушы үздік аттестатқа үміткер.