Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир өтті. Жарысқа 8 команда және Алматы қаласынан бір команда қатысты. Ардагерлер, мәслихат депутаттары, аппарат қызметкерлері сынға түскен сайыста өзара кім мықтыны анықтады.

Жалпы іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау.Спортты дамыту және ел Тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен тұлғаның рухына тағзым ету. Ұйымдастырушылар турнирді жыл сайын дәстүрге айналдыруға ниетті.