Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп-интернатта соңғы қоңырау салтанаты өтті. Биыл алғаш болып бұл мерекені атап өтіп жатқан жас кадеттер біршама жетістіктерге де қол жеткізген.
Әскери интернатта оқу жылын 180 оқушы аяқтап отыр. Ол 7,8,9 сынып білім алушылары. Ашылғанына жыл толмаса да білімгерлер қәзірдің өзінде Республикалық жарыстарда топ жарған. Балаларды патриоттық пен отансүйгіштікке баулитын білім ордасының болашағы жарқын.