Елімізде ұлттық мәдениетті дәріптеуге бағытталған жаңа «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры өтті. Жоба еліміздің 17 облысын қамтып, концерттік бағдарламаларды көпшілікке ұсынды. Тур аясында жетекші шығармашылық ұжымдар мен белгілі өнер қайраткерлері өңір тұрғындарына ұлттық және заманауи өнердің таңдаулы туындыларын қойды.

Концерттер аудан орталықтарында ғана емес, моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде де ұйымдастырылды.Соның бірі Шу ауданында өткен концерт. Жұртшылыққа жоғары деңгейдегі мәдени бағдарламаларды тамашалауға мүмкіндік жасалды. Еліміздің жетекші оркестрлері, хор, би, фольклор, эстрада және театр ұжымдары, сондай-ақ ұлттық мәдениет мекемелерінің солистері қатысты.