Таразда 200 сарбаз ант қабылдады. Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригаданың жас сарбаздары Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға салтанатты түрде серт берді. «Жеңіс» саябағында өткен тағылымды іс-шара батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.