Жамбыл ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында маңызды жиын өтті. Кездесуге ата-аналар, мектеп басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Жиында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Арнайы аудан көлемінде атқарылған шаралар бойынша бейнероликтер көрсетіліп, құқықтық тәрбие беру мәселелері сөз болды.