Қордайда Қаракемер мен Керу ауылдарын жалғайтын автожол мәселесі аудан тұрғындарын көптен бері алаңдатып келген өзекті мәселенің бірі болатын. 18 шақырымдық жол әбден тозығы жетіп жеңіл көліктердің қатынауына айтарлықтай қиындық туындаған. Енді қазынадан бөлінген қаржының арқасында Керуге апарар жол жөнделіп жатыр.
Қазіргі таңда көпшілікті алаңдатқан мәселе оң шешімін тауып, «Қаракемер -Керу» автожолында орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған орай аудан әкімі Бегзат Болатбеков нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.