Қазақстан мен Ресей білім беру саласындағы әріптестікті жандандыруда. 50 ресейлік және 60 отандық жоғары оқу орны өзара әріптестік туралы 1800-ден астам келісім-шартқа қол қойған. Көрші ел қазақстандықтар үшін жоғары оқу орындарындағы квота санын да арттырды.
Бүгінде екі елге ортақ 34 ғылыми бағдарлама бар. 32 қос дипломды білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Ресейде қазіргі таңда 400 мың шетелдік студент білім алып жатса, оның 60 мыңы қазақстаннан.