Меркі ауданындағы ерекше балалар ерте жастан ортаға бейімделуге мүмкіндік алды. «Сәби әлемі» балабақшасында инклюзивті топтар жұмыс істейді.60 бүлдіршінге арналған бөбекжайда 25 бала тәрбиеленуде.

Аталған орталық биыл ақпан айында ашылған.Аудан көлемінде алғаш рет ашылып отырған балабақшада білікті дефектолог мамандар, логопед, медбике, және өзге де арнайы мамандар қызмет атқарады. Мамандардың айтуынша, бірнеше айдың ішінде балалар оң нәтижелер көрсетіп, сөйлеу қабілеттері дамып, ортаға бейімделе бастаған.