Ертең жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қастерлі мереке – Құрбан айт тойланады. Ораза айттан кейін 70 күннен соң кіріп, 3- күнге созылатын мейрам, айт намазынан кейін басталады.
Биыл қаладағы көп қабатты үйде тұратын тұрғындар құрбандық шалу үшін, Истай 1 мекен жайында орналасқан қасапхана жұмыс жасайды. Құрбандық шалынатын малдың құны да, белгіленген мөлшерлі бағадан көтерілмейді. Яғни, ешкі 65 мың, қой 120 мың теңгеден аспайды. Осы бағаға бас үйітіп, тазалауы да кіреді.