Иен далада тау қопарып, кен қазған “Еурохим” компаниясы тағы бір өнім шығаруды бастады. 1200 жұмысшысы бар алпауыт компания бүгін күкірт қышқылы зауытын іске қосты. Жылына 800 тонна өнім шығаруға қауқарлы өндірістің ашылу салтанатына Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Дағасбаев пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
Жамбыл облысының ғана емес, республикада фосфорит өндірудің алдыңғы сапында тұрған компания бүгіннен бастап күкірт қышқылын шығаруды қолға алды. Жоба құны 170 млн. АҚШ доллары. Зауыт жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын шығарады. 330 жұмыс орны құрылады.