Қазақстан мен Ресей мәдени ынтымақтастығын нығайта түсті. Сәуір айында елімізде Ресейдің мәдениет күндері өтсе, былтыр қазан айында Мәскеуде Қазақстанның мәдениет күндері де ұйымдастырылды. Шығармашылық және іскерлік іс-шаралар тек Астана, Мәскеуде емес, өзге өңірлерде де өтті.
Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс қарқынды дамып келеді. Фестивальдер, гастрольдік сапарлар, көрмелерден бөлек, Ресейде қазақ киносының күндерін өткізу дәстүрге айналған. Себебі отандық киноға көрші елде де сұраныс жоғары.