ҚР Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған «Хроникадан болашаққа» атты республикалық кинолекторийі Таразға да жетті. Ауқымды мәдени-ағартушылық жоба аясында көрермендерге отандық деректі киноның үздік туындылары ұсынылады. Кинолекторий барысында жамбылдық көрермендер «ARAL» және «ҚУАТТЫ СЕРІКТЕС» деректі фильмдерін тамашалады.

«ARAL» – бүкіл өмірін Арал теңізіндегі балық шаруашылығына арнаған Күнтуған Тұрғынбаев туралы портрет-фильм. Ал «ҚУАТТЫ СЕРІКТЕС» туындысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы желтоқсан айында Жапонияға жасаған сапарының қорытындылары мен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуы туралы баяндайды.