Қазақстан мен Ресей білім саласындағы достықты нығайта түскен. Тараз қаласында Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалы Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығының жаңа кезеңін айқындады. Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік жас мамандарды халықаралық деңгейде даярлауға жол ашып, химия және инженерия салалары бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінде аталған оқу орнына жастардың қызығушылығы айтарлықтай артып келеді. Алғашқы оқу жылында бөлінген 30 білім беру гранты толық игеріліп, филиалға 30 студент қабылданды. 2025–2026 оқу жылына 81 талапкер құжат тапсырып, қабылдау емтихандарының нәтижесінде 40 студент грант негізінде, тағы 20 талапкер ақылы бөлімге оқуға қабылданған.